Алматыда үнді штаммының таралғаны алдын ала расталды

 Алматыда үнді штаммының таралу ықтималдығы анықталды. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz. порталы.

Бұған дейін хабарлағандай, Нұр-Сұлтанда үнді штаммы 54 науқастан алынған сынаманың 56%-інде алдын ала расталды.

Осыған байланысты елордада қосымша карантиндік шектеулер енгізілетіні белгілі болды.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас санитар дәрігеріне жаңа талаптар енгізуді тапсырды: COVID-19-ға қарсы вакцинасыз қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жұмысына, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізіледі, сондай-ақ қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабы енгізіледі. Толығырақ мына жерден оқыңыз.