"Қаржы полициясының қызметкерлері "Барыс-4" базарында тексеру мақсатында сауда жасау арқылы 33-ші контейнерде сапасы нашар ұнды 2 килограммдық орамамен "Цесна" маркалы жоғары сұрыпты ұн ретінде 18 бумаға орап сату дерегін анықтады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қаржы полициясы дайын өнімнің "Цесна" сауда маркасымен "Шаңырақ" ықшамауданынан әкелінетінін анықтады.
"Шұғыл іздестіру шараларының барысында "Шаңырақ-2" ықшамауданында А.Мусаева есімді жеке кәсіпкердің "Цесна" концернінің брендін пайдаланып заңсыз ұн дайындау дерегі анықталды", - деп хабарлайды қаржы полициясы.