«Түркияның Эрзерум қаласында 2011 жылы өткен Универсиадаға 500 млн. доллар жұмсады. Алматыда 12 мың және 3 мың орынға арналған екi iрi спорттық нысан салынады. Сонымен қатар спортшыларға олимпиада ауылы салынады. Кейiн ол Алматы қаласының студенттерiне берiледi. Бүгiнде қалада студенттiк жатақханалар тым аз екенiн бiлемiз. Егер осы 3 нысанды салатын болсақ, оның құны Эрзерум қаласындағы Универсиададан аз болады», - дейдi ол.
Оның айтуынша, нысандар қазiргi уақытта бекiтiлдi және нақты құны анықталу үстiнде.
«Алматы әкiмi Ахметжан Есiмовтiң бiзге мәлiм еткенiндей, Универсиада нысандарының құрылысы биыл сәуiрде басталады», - дедi Қ. Закарьянов.
Айта кетейiк, Қазақстанға Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) президенті Клод-Луи Галльен бастаған арнайы комиссия келдi. Олар Алматының Универсиадаға деген дайындығын тексеруде.