Алматыда Универсиаданың әнұраны таныстырылды

Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы алдында 2017 жылғы 28-ші қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың ашылуына 100 күн қалғаны аталып өтілді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

Салтанатты шараға қала басшысы Бауыржан Байбек қатысты.

«Алматы 1 000 жыл мәдениеттің ошағы болып келеді. Бұл күнде Алматы спорттың, мәдениеттің, қаржының, жастардың ошағы», - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Бүгінгі айтулы шарада Универсиаданың басты әнұраны таныстырылды.


Әнұран авторы - Ислам Рақымжанов.