Алматыда ҰОС 150 ардагері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай арнайы медальдармен марапатталды

«Ұлы Отан соғысы жылдарында жүздеген мың қазақстандық майдан даласында жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Жеңіс жолында қаншама боздақ қаза тапты. Олардың есімдері халық жадында әрқашан сақталады. Қазақстан Республикасы Ұлы Жеңісті жақындатуға орасан зор үлес қосты. Қазір Медеу ауданында 25 мыңнан астам ардагер тұрады. Олардың 134-і ҰОС ардагерлері болса, 3 351 адам - тыл еңбеккерлері. Біз ардагерлердің алдында қашанда қарыздармыз. Олардың қоғамдық белсенділігіне, жастар арасында патриоттық рухта жүргізіп жатқан тәрбие жұмыстарына дән ризамыз»,  - деді Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Макежанов. 

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған шара барысында әскери әндерге арналған концерт қойылды.


Сонымен қатар 1967 жылы түсірілген «Мәскеу үшін шайқас» көркем фильмі көрсетілді.