Алматыда ҰҚТ мүшесінен граната мен героин тәркіленді

Ақпаратқа сәйкес, қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының және Алматы ҰҚКД-нің назарына іліккен фигурант өткен жұма күні Райымбек даңғылында ұсталған.

Оперативті қызметкерлер күдіктіден РГД-5 гранатасы мен 1 грамнан аса героин тәркілеген.

Дереккөздердің айтуынша, қамауға алынған ҰҚТ мүшесі бұрын ұрлық пен есірткі үшін сотталған.