Алматыда үш автокөліктің соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды

Жол апаты 3-қарашадан 4-іне қараған түні Желтоқсан және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болды. Жол апаты салдарынан "Фольсваген" көлігінде отырған 25 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал "Тойота" көлігінде отырған екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.