Алматыда үш күннің ішінде мыңнан аса шетелдік азамат ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "Нелегал" арнайы шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері елде заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтарды анықтау үшін базарларды, құрылыс нысандарын, мейманханаларды, шипажайларды, емдеу кешендерін, жатақханаларды, діни ғимараттарды тексеріп шықты. Бұл уақыт аралығында полиция қызметкерлері 200 кәсіпорын мен 45 оқу орнын тексерді.

Алматыда үш күн бойы жүргізілген "Нелегал" шаралары кезінде елге келу тәртібін бұзғаны үшін мыңнан аса шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың 860 ТМД елдерінің азаматтары болып шықса, 125 алыс шетелден келгендер екендігі анықталды".

"Нелегал" шұғыл-алдын алу шаралары заңсыз миграция арналарын анықтау жөніндегі ақпараттармен алмасу үшін, шетелдік азаматтарды заңсыз еңбек етуге мәжбүрлеу деректерін айқындап, сондай-ақ "қызу аймақтардан " келгендерді белгілеу үшін жүргізіледі ", - деп хабарлады Алматы қалалық миграциялық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Аян Асанов.

Мысалы, Алматының ІІД жол полициясы басқармасының қызметкерлері Алматы АІІД полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген күдіктіні құрықтады. Жалпы , "Нелегал" шарасын өткізу кезінде іздеуде жүрген төрт адам ұсталды.

Полицияның мәліметтері бойынша, шетелдік жұмыс күшін тартып оларды пайдалану ережесін бұзғаны үшін 33 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды. Елден 172 адам аластатылды, оның 44 алыс шетелден келген азаматтар болса, 128 ТМД елдерінің тұрғындары. Республикалық шұғыл алдын алу "Нелегал" шарасы 6 маусымда аяқталады.