Алматыда үш қабатты ТҚС жанып кетті

Бұл туралы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

«Сағат 01.25 кезінде «101» пультіне Түркісіб ауданында ТҚС жанып жатқаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан соң жетті. Үш қабатты «Авто Град» ТҚС-ы отқа оранған», - деді С. Баймұхамбетова.

Оның айтуынша, өрттің өршуіне ТҚС ғимаратына лакталған материалдардың көп болуы себеп болған.

«Жалын 500 шаршы метрді шарпыған. Өрт сағат 02.40 кезінде сөндірілді. Оқиға орнында жеке құрамнан 70 адам мен 13 негізгі, 5 арнайы техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға себептері анықталып жатыр», - деді ТЖД өкілі.