Сондай-ақ, прокуратура И. Усатовтың ұсталуы оның іздеуде жүрген әкесінің ісіне қатысы жоқ деп отыр.
Прокуратураның баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 19-қаңтар күні Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық прокуроры Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 142-бабына сәйкес Игорь Усатовты он күнге дейін ұстауды белгілеген. "Осы мерізім ішінде оған не айып тағылады немесе кідірту шарасының күші жойылады",- дейді баспасөз қызметі.
Бұрын хабарлағанымыздай, Қарағанды облысының маслихатының бұрынғы депутаты, "Қарағанды-нан" АҚ акционері Николай Усатовтың ұлы 16-қаңтарда ұсталған болатын. Оны "Алматы" қонақ үйінен шығып келе жатқан жерінен құрықтаған. Жас жігіт журналистерге өзінің отбасы мүшелерін боспалаушылық дерегі туралы айтпақ болып келген-міс.
Игорьдің әкесі Николай 2006 жылдың 7-қазанынан бері іздеуде. Тергеу болжамы бойынша, бұрынғы депутат, 1997 жылы "Нива" ЖШС-нің бір құрылтайшысының өлімін ұйымдастырушы болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті