Алматыда үздік әлеуметтік идеялардың авторлары марапатталады

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі коммерциялық емес сектор үшін  демонстрациялық, ақпараттық және білім беру платформасын қамтиды.

КЕҰ өкілдері екі жылғы онлайн форматтан кейін Қордың әдеттегі алаңында офлайн кездеседі. Мұнда қазылар алқасына олар өздерінің әлеуметтік маңызды идеяларын ұсынады да ең үздіктері іске асырылу үшін қаржыландырылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды балалар жылы деп жариялау туралы шешімін қолдап, біз коммерциялық емес ұйымдарды балаларды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды бірлесіп әзірлеуге шақырдық.

Естеріңізге салайық, жәрмеңке алдында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауы өтеді. Биыл байқаудың іріктеу кезеңіне КЕҰ-дан үш номинация бойынша 177 өтінім берілді: «Таңдау құқығымыз туралы үнімізді естіңіз!» (34 жоба), «Балалар алдындағы жауапкершілікті жаңғырту: болашақтың міндеті» (60 жоба) және «Талантты ынталандыру: іске кірісіңіз, мүмкіндіктерді арттырыңыз, ресурстарды қолданыңыз!» (83 жоба). Жобаға үш мегаполис (Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент) және 14 облыс, соның ішінде шалғай елді мекендер мен моноқалалардан қатысты.

Жәрмеңке аясында өтетін байқаудың финалына жеткен 50 ұйым Нұрсұлтан Назарбаев Қорының үздік әлеуметтік идеясы мен гранты үшін бақ сынасады. Жеңімпаздар (бірнешеу болады) іс-шараның екінші күні, яғни 29 сәуірде жариланады.

Екі күндік бағдарлама аясында «Буккроссинг» акциясы (қор жанындағы саябақта көше кітапханасын орнату), ашық диалог алаңы, финалистерге арналған нетворкинг, шеберлік сыныптар және дәрістер өтеді.

«Қазақстанның әлеуметтік институттарының диалогы: жаңа идеялар - балалықты қорғаудың жаңа мүмкіндіктері» атты ашық диалог алаңында сарапшылар тақырып бойынша сөз сөйлейді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жобалық басқару департаментінің директоры 
Әсет Қылышбаев
, Beeline Қазақстан CSR менеджері Анар Жұмағұлова, «ITeachMe» құзыреттілікті дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева, «Ковчег» мекемесі жобаларының үйлестірушісі Зарина Нарбаева, «Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы Зүлфия Байсақова, «Wunder academy» жеке инклюзивті мектебінің бас директоры Руслана Писаренко бар. Кездесудің модераторы белгілі тележүргізуші, ерікті, азаматтық белсенді Адель Смит.

Жәрмеңкенің екінші күні э.ғ.к., доцент, өнер саласындағы Магистр, медиа менеджер сенатор Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты Аида Досаева шеберлік сыныбын өткізіп, менеджерлерге арналған білім мен коммуникацияның қыр-сырымен таныстырады.

«Навстречу переменам» балалық шақ саласындағы әлеуметтік бастамаларды қолдау қорының тең құрылтайшысы, фандрайзерлер қауымдастығы Басқарушы кеңесінің мүшесі (Ресей) Татьяна Бурмистрованың онлайн дәрісін азаматтық сектор өкілдері көп күтті. Ол әлеуметтік жобаларға инвестицияны тартуды және коммерциялық емес секторда қалай бәсекелесуге болатыны туралы әңгімелейді.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталады.

  • Іс-шараның бағдарламасы тіркелген.
  • Финалға шыққан үздік 50 жобаның тізімі.

БАҚ үшін ақпарат:

  • Күні мен уақыты: 28 сәуір (бейсенбі), сағат: 10:00
  • Өтетін орны: Алматы, М.Ганди көшесі 10, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры
  • Аккредитация үшін Артур Жұмашевке хабарласыңыз. 8 708 960 56 13, e-mail: pr.zhumashev@gmail.com