Алматыда вагондардың шойын жолдан шығып кетуі салдарынан екі тонна жанармай төгілді

Агенттік ақпаратына жүгінсек, оқиға салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында апаттық құтқару жұмыстары жүргізіліп, себеп-салдары айқындалуда.

Апаттың зардабын жоюға өртке қарсы күрес қызметінің 44 адамы мен 17 техникасы, қалалық ІІББ құрамының 70 адамы, 60 темір жолшы, 1 өрт сөндіруші поезд пен 1 жөндеу-қалпына келтіру мақсатындағы отарба жұмылдырылды.