Алматыда VI Еуразиялық медиа-форум жұмысын аяқтады

"2001жылы форум өткізу идеясын ойластырғанда, біз тек БАҚ проблемаларына ғана тоқталамыз деп ойлағамыз, алайда тек медиа мәселелеріне назар аударғандығымыз дұрыс емес және болжамсыздық болар еді",- деді ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева . "Саясат пен журналистика тығыз байланысты. Біздің кәсіби жауапкершілігіміз зор",- деп атап өтті ол.

Форум үш күн жұмыс істеді. Осы аралықта форумға қатысушылар мен қонақтар Таяу Шығыс проблемаларына қатысты тақырыптарды талқылады: Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық саясатын, және аталған мемлекеттердің халықаралық қоғамдастықпен қарым - қатынасының ушығуын; ТМД елдеріндегі БАҚ-тың демократиялануын; Еуразия аймағы мемлекеттерінің энергетикалық және "құбыр желісі" қауіпсіздігін; жастар мәдениетінің БАҚ дамуына ықпалы және т.б.

"Медиа форумның тақырыптарын өмір айқындайды",-деді Д.Назарбаева. "Ирак, Ауғанстан, ядролық потенциал - халықаралық саясаттың назарында",- деп атап өтті ол. Бүгінгі таңда ушыққан эмоциялар бәсеңсігендей, қалыптасқан жағдайды саралап, одан шығу жолдарын қарастыруға талпыныс бар",- деді ол.

Медиа-форумның жұмысына әлемнің 50 елінен 600-дей өкіл қатысуда. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Турікменстан, Грузия, Германия, Франция, Әзербайжан елдерінің саясаткерлері мен жетекші БАҚ-тарының өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті