«Біз үшін фестиваль шымылдығын қазақ картинасының ашқаны маңызды. Ол Әмір Қарақұловтың «Виртуалды махаббат» картинасы болмақ. Бұл жаңа бағыттың нышаны. Меніңше, кино коммерциялық. Ол өзінің стилистикалық, көңіл-күй, кейіпкерлер жағынан халықаралық тұрғыда», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Евразия» ХКФ арт-директоры Гүлнара Әбікеева мәлімдеді.
«Виртуалды махаббат» картинасында басты рөлдерді ресейлік актер Артур Смольянинов және отандық актриса Бибігүл Сүйіншалина сомдаған.
VIII «Евразия» кинофестивалі Алматыда 17-22 қыркүйек аралығында өтеді.