Биылғы фестивальдің қонақтары - голливудтық Дэннис Хэйсберт, Вольфганг Петерсен, Венсен Перес, Ли Юнг Кван, ресейлік Нонна Гришаева, Федор Бондарчук, Алиса Гребенщикова, Даниил Белых, Сергей Калантай, Денис Никифоров, Егор Пазенко, Дарья Повереннова және Андрей Руденский.
Кинофестивальдің ашылу салтанатында қазақстандық Әмір Қарақұловтың «Виртуальная любовь» фильмі көрсетілді.
Апта соңына қарай кинопрессаның халықаралық федерациясынан (ФИПРЕССИ) және азиялық фильмдерді тарату желісінен (НЕТПАК) жасақталған әділ қазылар алқасы Еуразиядағы ең мықты фильмді атайтын болады. Қазылар алқасының төрағасы - «Троя», «Посейдон», «Қайық» сияқты атақты фильмдерді түсірген неміс режиссері, продюсері, сценарист әрі актер Вольфганг Петерсен.
VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі - әлемдік дәрежедегі жұлдыздарды бір жерге шоғырландыратын алаң ғана емес, сонымен қатар қазақстандық киноиндустрияның жыл санап дамып, жаңа фильмдер қатарының көбейіп келе жатқандығының дәлелі.