Алматыда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының ақтық ойындары болады

Қазанның 4-11 күндері Павлодарда болған ширек финалда астаналықтармен бірдей ұпай жинағанына қарамастан, партия және доп коэффиценттері бойынша артта қалып қойған алматылықтар жолдамадан сырт қалып қойды. Бұл мүмкіндікке Алматы облысының «Жетісу», Қарағанды қаласының «Қарағанды», Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» және Астана қаласының «Астана» командалары ие болды. Онда жетісулықтар барлық қарсыластарын ұтып, 20 ұпаймен 1-орын алды. Одан кейінгі орындарды «Қарағанды» (18 ұпай), «Ертіс-Қазхром» (13 ұпай), «Астана» (12 ұпай) өзара бөлісті. Ал 12 ұпаймен «Алматы», 6 ұпаймен «Металлург-АМТ» (Теміртау), 2 ұпаймен «Грация-KZ» (Орал), 1 ұпаймен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) жарысты ары қарай жалғастыру мүмкіндігін қолдан шығарып алды.