Алматыда волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді


Жарыстың алғашқы күні «Ұшқын-ҚазНАУ»(Алматы) мен «ТНК Хромтау»,«Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) пен «Динамо-Қазығұрт» (Шымкент), «Атырау» мен «Есіл» (Қызылжар), «Алматы» мен «ТарГУ»(Тараз) өзара күш сынасады. ҚР Волейбол федерация таратқан хабарламаға қарағанда, ширек финалда командалар әрбір 2 кездесуден кейін бір күн тынығып, төртінші күні жарысты қайта жалғастырып отырмақ. Бұл сында үздік төрттіктің қатпарына іліккендер одан кейін 29-30 қазанда Алматыда жартылай және ақтық финалда қайта кездесетін болады.