Алматыда волейболдан Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары болады


КСРО спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Октябрь Жарылғаповты еске түсіруге арналған бұл дүбірлі доданың ерлер командалары арасындағы ширек финалдық ойындары 18-26 қазан күндері өткен болатын. Онда үздік төрттікке енген «Алматы» (Алматы), «ТНК «Қазхром» (Хромтау), «Динамо-Қазығұрт» (Шымкент) пен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) командалары Қазақстан кубогын сарапқа салады. Ал әйелдер арасында мұндай мәртебеге 4-11 қазанда Павлодар қаласында өткен ширек финалда «Жетісу» (Алматы облысы), «Қарағанды» (Қарағанды), «Ертіс-Қазхром» (Павлодар облысы) мен «Астана» (Астана) ие болған еді.