Айналым жүйесі бойынша өтетін бұл додаға 6 команда қатыспақ. Олар - «Алматы» (Алматы),
«ТНК «Қазхром» (Хромтау), «Есіл» (Қызылжар), «Атырау» (Атырау), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Конденсат» (Орал) волейболшылары. Биылғы чемпионатта алматылықтар ел чемпионы болса, хромтаулық күміс, өскемендіктер қола жүлдегер атанған болатын. Жаңа маусым «ТНК «Қазхром» мен «Конденсат», «Атырау» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Алматы» мен «Есіл» арасындағы ойынмен басталмақ. Алғашқы тур 9 қараша күні Алматы мен Орал қалалары командаларының кездесуімен аяқталмақ.