Алматыда волейболдан Жоғары лигадағы А ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өтіп жатыр


Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасы турнир кестесінде көш бастап отыр. Олар "ҚазҰАУ"-ды 3:0, "Жайық-Конденсат" пен «Ертіс-АО АҚ» командаларын 3:1 есебімен ұтты. Ал "ҚазҰУ" Алматы қаласының келесі бір командасын ( ЦСКА) 3:1, атыраулықтарды (Атырау-2) 3:0 есебімен жеңді. Оралдың "Жайық-Конденсаты" мен Павлодардың "Ертіс-АО АҚ" арасындағы кедесу 1:3 боп аяқталды. Өзге кездесуде оралдықтар Қызылжардың "Есіл-Викториясын (3:0) ұтса, павдарлықтар Астананың "Ұшқын-Искрасына" 1:3 есебімен есе жіберді.