Алматыда волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары ел чемпионатының ақтық туры

Қазір турнир кестесінде 20 ойыннан кейін Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командасы 50 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Оны 47 ұпаймен «Қостанай» волейболшылары өкшелеп келе жатыр. Үшінші орынға астаналықтардың «Грация-Астана Kz» командасы табан тіреп тұр. Ал павлодарлықтарда (Ертіс-Қазхром-2») - 22, теміртаулықтарда («Спартак АМТ») - 20, қарағандылықтарда («Қарағанды-2») - 6 ұпай ғана бар.

Ақтық турдағы алғашқы ойынды қостанайлықтар қарағандылықтармен, өскемендіктер теміртаулықтармен, павлодарлықтар астаналықтармен өткізуде.