Алматыда XIII Халықаралық Джаз Фестивалі ашылды


Оның айтуынша, 2-6 сәуір аралығында өтетін бұл фестивальға Швейцариядан, Германиядан және Франциядан келген белгілі джаз топтары өнер көрсетеді.

«Сонымен қатар, фестиваль аясында шетелдерден келген джаз мамандары Алматыдағы Джаз мектебіде шеберлік сыныптарын өткізеді. Сондай-ақ тұңғыш рет Қазақ ұлттық өнер университетінің Биг Бэнд және «Дервиши» тобының «Восточный Экспресс» этно тобы өнер көрсетеді» -деді Қарлығаш Мақатова.

Естеріңізге сала кетейік ,аталмыш фестивальдың негізін Джаз Бэнд оркестрінің жетекшісі Тагир Зарипов қалаған. Биыл осымен 13-рет өтейін деп отырған бұл мәдени шараға Алматы қаласының әкімдігі мен Түркия, Швейцария, Германия және Франция елшіліктері трақты түрде қолдау көрсетіп келеді.

Алғашқы Джаз концерті бүгін Алматы қаласында Жамбыл атындағы филормонияда кешкі сағат 19.00 басталады.