Алматы-Көкшетау бағыты бойынша 4480 рейсті жүзеге асырушы Як-40 ұшағы Алматы әуежайынан бүгін таңертеңгі 9 сағат 35 минутта ұшып шыққан. Әуеге көтерілгеннен кейін 5 минут өтпей аспанда ұшақтың триммері істен шықты. Триммер - басқару жүйесіндегі жұмсалатын күшті азайту үшін қолданылатын ұшақ тізгінінің қозғалысты бөлігі. Әуежайдың қауіпсіздік қызметі түгелдей дабыл бойынша тікесінен тұрды. 9 сағат 54 минутта ұшақ апатты жағдайда қонып үлгерді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл оқиғаның мән-жайын көлік прокуратурасы тексере бастады.