- Полиция қызметкерлеріне не үшін ұсталдыңыз?
- Ұрлық болды.
- Қай жерде қандай заттар алдыңыз?
- Сол тон, копьютер, ноутбук...
Сұғанақ ұрлаған заттарын өзі тұрып жатқан үйге жинапты. Бағалы киім-кешек, тұрмыстық техника, құрылысқа арналған құрал-жабдықтар, тіпті бесікке дейін жымқырған. Жеңіл табысты көздеген күдікті пәтерлерге күндіз, яғни үй иелері жоқ кезде түсіп отырған. Әзірге полицейлер оның Наурызбай ауданының өзінде 5 пәтерді тонағанын анықтады. Дегенмен, табылған айғақтардың көптігіне қарағанда, тонаушылықпен басқа да аудандарда айналысқан болуы мүмкін. 36 жастағы күдікті Өзбекстанның тумасы.
Loading...