Алмат Наурызбаев, Қазақ зағиптар қоғамының мүшесі:
-Байболат Әубәкіров түрлі амал-айламен жазадан сытылып жүр. Біздің ақшамызға шалқып өмір сүріп жатқан ол, тергеушілердің өзіне қысым көрсетіп жүргенге ұқсайды.
Жанары сөнген жандардың бұл жанжалы 4 жыл бұрын басталған болатын. Барлығы Қазақ зағиптар қоғамының президенті Байболат Әубәкіровке қарсы шығып, мүгедектерге бөлінген қаржыны оңды-солды шашып, шалқып өмір сүріп жатыр деп шағымданған еді. Тіпті, амалы таусылған зағиптар апта бойы нәр татпай, аштық та жариялаған. Осы уақытқа дейін басылмаған жанжалдың әлі жалғасатын түрі бар. Өйткені аталған қоғамның президенті қол астындағы қызметкерлерінің өздерін айыптап отыр. Тіпті, мұның әлдекімдердің нұсқауымен орындалып жатқанын айтады.
Байболат Әубәкіров, Қазақ зағиптар қоғамының президенті:
-Олардың іздегені мемлекеттің ақшасы. Олар айтады: «Ойбай, мемлекет 100 миллиондап ақша бөліп жатыр қоғамға, Әубәкіров жеп жатыр» деп. Бәрі тексеріп жатыр, ештеңе тауып жатқан жоқ қой.
Loading...