Оқиға орнына жасалған тексеру барысында З.Нұрқаділовтың мәйітінің жанынан оның 9 мм-лік "Кобальт" маркалы тапаншасы табылды. Тапаншаны 1998-жылы оған ҚР ІІМ қайырбек Сүлейменов сыйлаған. Ол министрдің рұқсатының негізінде үйде сақталған екен. З.Нұрқаділовтың мәйітін жұбайы Мапал Жүнісова үйдегі бильярд ойнайтын бөлмеден тауып алған.
Марқұмның үйі 2,5 метрлік биік бетон дуалмен қоршалған, аулада арасын 2 метрлік қоршау бөліп тұрған екі үй бар. Үйлерден көшеге екі жерден шығуға болады. Бір есік Луганск көшесіне, екіншісі батыс жақтағы кішкентай көшеге қараған.
Екі жерде де металл қақпалар орнатылып, олар әр үймен домофон байланысы арқылы жалғастырылған. Және олар екі жердегі күзетшілер орнымен пульт арқылы жалғастырылған басқармалы құлыппен және щеколдамен қосылған.
Усадьба аумағы бетон қоршаудың әр жерінде орнатылған 16 бейнекамерамен ұдайы бақыланады. Барлық бейнеақпарат онлайн режимінде күзетшілер орнындағы мониторларға беріледі.
Бейнежазбаларға жасалған талдау сол күні үй аумағына сырттан ешкім енбегенін көрсеткен.
З.Нұрқаділовтың қазасына байланысты Алматы қалалық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Өлім себептерін анықтау үшін Алматы қалалық ішкі істер департаментінде ең тәжірибелі қызметкерлерден арнаулы шұыл тергеу тобы құрылды.
Полиция кісі өлімі шыққан кезде усадьба аумағында болған барлық адамдарды анықтады. Сот-медициналық сараптама қаза тапқан адамның туыстары мен ҚР ІІМ-нің орынбасары Қалмұханбет Қасымов пен Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы М.Оразалиновтың қатысуымен Алматы қалалық мәйітханасында жасалды.
Тергеушілер оқиғаға байланысты барлық жорамалдарды қарастырып жатыр.