Алматыда заңгерлер клубы құрылды

"Алматы заңгерлер клубы" деп аталатын бұл ұйымның мақсаты еліміздің құқықтық саясатын қалыптыстыруға ықпалдасып, заң шығару жүйесін дұрыс жолға қою.

Клубтың вице-президенті, заң ғылымдарының докторы Өмірәлі Опабаевтың айтуынша, бұл - мемлекеттік емес қоғамдық бірлестік және әлдебір коммерциялық пайда табуды көздемейді. "Біз күнделікті өмірдегі саяси-әлеуметтік, экономикалық және құқық саласына қатысты мәселелер төңірегінде ашық пікірталас өткізетін боламыз,- дейді ол. Клуб жұртшылыққа, әсіресе жастарға құқықтық ақпараттар таратуға дайын деп мәлімдеді клуб белсенділері.