Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген отыз екі өзбек мигранты құрықталды

Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, мигранттар кезекті рейд барысында қолға түскен.

Олардың үстінен әкімшілік іс қозғалып, аудан аралық әкімшілік сотқа жөнелтілді.

Сонымен қатар, көші-қон заңдарын бұзған жұмыс берушілерді де жауапқа тарту мәселесі шешіліп жатыр.