Алматыда заңсыз жүрген 135 шетелдік анықталды

Баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жыл басынан бергі Қазақстан аумағында заңсыз тұрып, жұмыс істейтін шетел азаматтарының Алматыдағы аса ірі көлемде анықталуы болып табылады.

"Біз еңбекке шетелдіктерді заңсыз тарту оқиғаларын, заңсыз көші-қон арналарын анықтау жұмыстарында ақпарат алмасу, өзара іс-қимылдардың белсенділігін арттыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар жүріздік", - деді Алмалы АІІБ миграциялық полиция бөлімінің бастығы полиция капитаны Қуаныш Бекебаев.

Атап айтқанда, көші-қон полициясының инспекторлары бір күн ішінде базарларды, құрылыс нысандары мен қонақ үйлерді тексеріп шыққан. Тексеру нәтижесінде 135 шетел азаматы тұтқындалған. Олардың 40-ы Қырғызстан, 60 - Өзбекстан, қалғандары - Түркия азаматтары.

Тұтқындалғандардың барлығы да Алматыға ақша табу үшін келген. Алайда шетелдіктер жұмыс істеп үлгермеген. Қазіргі уақытта шетел азаматтарының төлқұжаттары сотқа беріледі. Ол үкім бойынша жұмысшылар шетелге жіберілмек.

"Тұтқындалған заң бұзушылардың негізгі бұзған заңдары - өз уақытында тіркелмеу. Олар сот шешімі шыққанға дейін Алматы қалалық ІІД арнайы камерасына қамалады. Онда біз әрбіреуінің аты-жөнін анықтап, олардың қылмысқа қатыстылығын тексереміз. Сонымен қатар, заңсыз жұмыс күшін пайдаланбақшы болған Қазақстанның жұмыс берушілері де әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп толықтырды Қ. Бекебаев.

Алматы қалалық ІІД көші-қон полициясы басқрмасының қызметкерлері жыл басынан бері әкімшілік жауапкершілікке 4166 шетелдік тартылған. Оның 3707-сі ТМД елдерінің азамттары да, 459-ы алыс шетелдердің азамттары. Ел аумағынан 476 шетел азаматы шығарылған.