Алматыда зейнеткер көлік астына түсіп көз жұмды

Қайғылы оқиға Райымбек пен  Розыбакиев көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

65 жастағы ер адам көшені тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған. Сол сәтте Розыбакиев көшесімен солтүстікке келе жатқан Мерседес жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, оны қағып кетті.

Ер адам сол жерде қаза тапты.


Оқиғаның жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.