Зейнеткердің екі бөлмелі пәтері оны өлтіруге себеп болған.
Полицейлердің айтуынша, қарт әйел бірнеше жыл жалғыз тұрған. Оның немересі соңғы рет телефонмен сәуірде сөйлескен, мамырдан бастап әйелге іздеу жарияланған. "Қарт анаға іздеу жүргізе отырып, біз оның өлгені туралы жедел ақпарат алып, мұқият тексерумен айналыстық. Тексеру нәтижесінде біз бес адамнан тұратын топты анықтадық. Олар әйелді өлтіргендіктерін мойындады",- деді Медеу аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Аманкелді Шаянов.
Қылмыскерлер зейнеткердің пәтеріне басып кіріп, оны байлап үйдің құжаттарын тартып алғандығы белгілі болды. Содан кейін әйелді өлтіріп, мәйітін үлкен сөмкеге салып Первомайский су тоғанына апарып, суға батырып жіберген.
Полицейлердің болжамдары бойынша, пәтер жасанды құжатпен 350 мың АҚШ долларына сатылған. "Негізгі қаржыны қылмыстық бастамашылар мен баспанаға қатысты қитұрқылықтарды жүзеге асырған "қаралықшы риэлтор" өз араларында бөліп алған",- деді Ішкі істер департаментіндегілер.
Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, құрықталған бесеудің екеуі еліміздің бір жоғарғы оқу орнының екінші курс студенттері, ал басқалары - үлгермеушілікке байланысты оқудан шығарылған бұрынғы курстастары.
Қазір күдіктілердің барлығы Ішкі істер департаментінде. Қылмыскерлердің басқа да сыбайластарын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті