Алматыда жабылған базарлар жұмысын әдеттегідей жалғастыруда

Саудасы қыз-қыз қайнап жататын бұл базардың жабылғанына бүгін үшінші күн. Тіпті алғашқы күні күштік құрылым өкілдерінің қарасы өте көп болған еді. Қазірдің өзінде базар маңында қаз-қатар тұрған полиция мен әскери көліктер жетерлік. Ал ұлттық ұлан сарбаздары тәртіп сақшыларымен бірге жер үй орналасқан аймақты күндіз-түні күзетіп жүр.

Сенбі күні барахолкадағы «Байсат», «Барлық», «Ялян»,«Рахат», «Барыс», «Алатау», «Болашақ», «Мизам», «Арлан», «Өжет», «Ақ Бұлақ» және «Кенжехан» базарлары уақытша жабылған болатын.

Оған Қордайдағы оқиғадан кейін әлдекімдердің базар ішінде бүлік жасауға үндеу тастауы себеп болғаны айтылды. Осылайша қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылған базарлар бүгін әдеттегідей жұмысын жалғастыруда.