Алматыда жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатының соңғы туры өтеді

Бұған дейін олар тамыздың 27-29 күндері Ақтауда Қазақстан кубогын сарапқа салған болатын.Онда алматылық «Телеком-Ұшқын-Искра 1» командасы (Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко) бірінші, ақтаулық «Каспий-1» (Александр Бабичев пен Алексей Кулешов) екінші, ал алматылық «Телеком-Ұшкын-Искра 2» (Дмитрий Яковлев пен Денис Ровкин) үшінші орын алды. Әйелдер арасында 1-2 орынды алматылық «Алматиночка-ВКПВ-1» (Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова) пен «Алматиночка-ВКПВ-2» (Людмила Исаева мен Инна Рахматулина) бөліссе, ақтаулық «Каспий-1» (Марина Пилипенко мен Бақтыгүл Самалықова ) үшінші орын алған еді.

Былтырғы ел чемпионатында ерлер арасында да, әйелдер арасында да алматылық командалардың мерейі үстем болған.