Алматыда жалаңаш еркек секіріп өлмек болды

Аяғын терезеден сыртқа салбыратып алып отырған егде жастағы азаматты осы маңайдан өтіп бара жатқандар байқап қалып, полицияға хабар беріпті. Көзіне көрінгендердің барлығын балағаттап, ойына келгенін айтқан соң ол қалғып кеткен. Осы сәтті пайдаланған тәртіп сақшылары оны пәтер ішіне кіргізіп алды. Терезеден секірмек болған адамның бұл бірінші бұзақылығы емес екен. Ішімдікке қатты әуестенгендіктен тұрақты жұмысы да жоқ. Енді ол наркодиспансерде мәжбүрлі түрде ем қабылдауы тиіс.


- Ей, киін.

- Кет, әкеңді.

- Теледидардан көрсетеді ертең сені.

- Көрсете берсін. Маған бәрібір.