""Престиж" мектебі 58-ші, "Джаз Бенд" музыкалық мектебі 39-шы, Айнабұлақтағы "Сұлтан" спортклубы 104-ші, "Нұрмай" ЖШС 43-ші, қазір студия орналасқан 75-ші, "Байланыс" емханасы иемденіп отырған 110-шы балабақшалар мемлекетке қайтарылады", - деді Л. Сейілова.
Ғимараттар қайтылған соң балаларға жаңа 300 орын пайда болады. Қазір Алматыдағы балабақшалардағы орын кезегінде 10,5 мың адам тұр. Бірақ білім департаментіндегілердің айтуынша, "биыл 8 мың бала бірінші сыныпқа барғандықтан, олардан босаған орындарға шақырылуда, күзде топтарды жасақтау аяқталған кезде кезек қысқарады", - деп сендірді Л. Сейілова.