Жазира 4 жылдан бері жалдамалы пәтерлерде тұрып жүр. Қасында өзі секілді 5 серігі бар. Екеуі кереуетте, екеуі жерде, қалған екеуі әбден тозығы шыққан төсекте ұйықтайды.
Жәзира Есенбаева:
-Бәрінің тұратын жерлері жоқ. Амалдың жоқтығынан 4-5 қыз жиналып екі бөлмелі үйде тұруға тура келеді. 5 қыз жиналып тұрғанның өзінде айына коммуналдық ақымен санаған кезде 24-25 мыңдай шығады. Қазір пәтер қымбаттап кетті. «Жетім бұрышқа» барып өткенде қарадық, 70 мың көлемінде үй жоқ
«Жетім» аталып кеткен бұрышта жұрт базардағыдан да көп. Бәрінің іздегені – 50-60 мың теңгенің арзан пәтері. Тек тауып қарық болып жатқан бірі де жоқ. Ең арзаны – сусыз, жылусыз, не болмаса жарығы жоқ үйлер.
- Пәтер иелері әбден құтырған. Ақшаға құныққан. Ұяттары жоқ.
- Неге қымбаттады дейсің бе?
-Жаным-ау, қазір студенттер келіп жатыр ғой. Осы елде жалғыз пәтер ма, қымбаттап жатқан?
Бір бөлмелі пәтердің бір айлық ақысы 80 мың теңгеге жеткен. Ал екі бөлмелісі ең кемі 600 доллар. Орталыққа жақындары одан да қымбаттап кеткен. Ал делдалдар орынға таласуда.
– Е, бұл менің орным.
- Тұр былай!
– Сіздің сатып алған орныңыз ба?
- Тиіспе деймін үстелге!
- Жоғалып кет.
Делдалдардың да «бағасы» өскен. Уақытша тұрғын үй тапқаны үшін енді олар бұрынғыдай 10 мың емес, бақандай 20 мың теңге алады. Сауданың қызғаны сонша ақша төлесең болғаны, тіпті үй иелері өз төрін ұсынуға дейін бар. Тек төлемақымен қоса, түрің де әдемі болуы керек.
- Жаңа екі қыз келді. Ұнамады. Сондықтан сыпайы түрде қоштастым.