Алматыда жалған диплом бергені үшін бір жоғары оқу орнының ректоры ұсталды

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, тұтқындау шарасы Қарасай ауданы тұрғынының арызына сәйкес жүзеге асырылған. Полицияға шағым иесі жоғары оқу орнын бітіргені туралы жалған диплом бергені үшін академияның ректоры мен есепшісі 2 мың доллар алғанын хабарлаған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақша мен жалған диплом айғақзат ретінде тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.