Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір жас жігіттің үстінен 66 қылмыстық іс қозғалған. Іс сақтандыру компаниясы басшыларының арызы негізінде қозғалып отыр.
Сақтандыру компаниясында жұмыс істейтін ол жалған бланкілерді пайдаланып, автокөлік иелеріне жалған сақтандыру құжаттарын сатып келген.