Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен "Алға" халықтық партиясының құрылтай сьездері өтті

"Алға" партиясының саяси кеңесі төралқасының төрағасы болып сайланған Асылбек Қожахметовтың бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, сьезге 1300-ден астам адам қатысқан. Сьезге қатысушылар барлық жарғылық және бағдарламалық құжаттарды қабылдап, партияның нышан-белгісін бекіткен. Сонымен бірге басқарушы орган сайланды. Сьезд аяқталғаннан кейін партиялық пікірталас өтіп, оған республика аймақтарынан келген партия мүшелері қатысты.

Сол күні жаңадан құрылған Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның да құрылтай сьезі өтті. Оған 2600 адам қатысты. Сьезде партияның саяси кеңесі мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы сайланды. Партияны Жармахан Тұяқбай басқаратын болды. Сонымен бірге сьезд барысында жаңа бірлестіктің жарғысы мен бағдарламасы бекітілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті