Алматыда жанар-жағармай қоймасында жарылыс болды

Алматы-1 темір жол бекетінің маңында орналасқан “Толқын” ЖШС-нің жер асты қоймасында мазуттың буынан жарылыс шыққан. Жарылыстың соңы өртке ұласып, ол 250 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт бір сағатта сөндірілді. “Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ”, деп хабарлайды мекеме.