«Жуырда 23 мың 200 гектар аумақ қалаға қосылды. Шаһардағы халықтың саны едәуір артты. Тек қана ресми деректерге сүйенсек, қала тұрғындарының саны 1 млн 665 мыңнан асты», - деді Алматы әкімі Ахметжан Есімов, делінген хабарламада.
«Сол себепті біз президентке жаңа аудан құру туралы ұсыныс жасадық. Бұл бастама мемлекет басшысының тарапынан қолдау тапты. Наурызбай ауданы қалада жаңа мүмкіндіктер туғызуға ықпал етеді», - деп атап өтті ол.
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жетекшісінің атымен аталған Наурызбай ауданының жалпы аумағы 6 976 гектар. Оған Әуезов ауданының бір бөлігі мен қалаға қосылған аумақтар қарайды. Ресми деректер бойынша, аудан халқының саны 157 мың адам.
Қалалық мәслихат депутаттарының шешімі бойынша Алматыдағы сегізінші аудан әкімі қызметіне бұған дейін жер ресурстары басқармасын басқарған Қуаныш Қашқымбаев сайланды.