Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұл отырыс бұрынғы салық және кедендік органдардың, сондай-ақ қаржы полициясының экономикалық қауіпсіздікке қатысты қызметтерін біріктірген жаңа мемлекеттік орган - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тұсаукесеріне арналады.
Отырыс Алматы қаласының әкімдігінде таңғы сағат 10:00-де басталады.