- Мына жерде қанша ақша?
- Әлі санамадым! Білмеймін, 180 мың ғой деймін.
- Қанша ақшаға келісіп едіңіз?
- Мен көңіліңнен шыққан ақшаны бер дедім!
180 мыңге теңгеге нәрестесін сатпақа әрекеттенген келіншек Алматы облысы Іле ауданының 27 жастағы тұрғыны. 19 қаңтарда қаладағы перзентханалардың бірінде қыз босанған. Тек оны сатуды жүкті кезінде-ақ жоспарлаған екен. Оған себеп: «Материалдық қиындыққа тап болуым», - деп түсіндірді өзі. Алушы да өзін көп іздетпей, таныстараның арасынан табылыпты. Тергеуге қазір ол да алынған. Ал шақалақтың өзі дәрігерлердің бақылауында. Жақын күндері сәбилер үйіне жіберілуі мүмкін. Сондай-ақ, тергеу басында анықталғандай келіншек бұған дейін де екі мәрте балалы болған екен. Тек екеуін де перзентханада қалдырып кетіпті.
Loading...