Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 133-бабының «а» тармағы бойынша айыпты деп танылды. Сотталушыларға жеті жылға шартты жаза кесіліп, үш жылдан сынақ мерзімі тағайындалды.
Біз бұған дейін 2013 жылы жазда Алатау ауданы тұрғынының жаңа туған нәрестесін бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптыларға 150 мың теңгеге сатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.