Алматыда жантүршігерлік апат болды


Апат қаладағы үлкен көшелердің қиылысында болған. Жеңіл машина бұрылыстардың бірінде жүйткіп келе жатқан джипке жол бермей соғылыпты. Сол сәтте арттағы үшінші көлік те тоқтап үлгермей қалған. Қатты соққыдан машиналардың бірі арыққа түсіп кетті. Жол апаты салдарынан ауыр жараланған жолаушы қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары дін-аман.