Дәрігерлер бірінші қай жолаушыға көмекке келерін білмей дал. Бірінің басы жарылып, ес-түсінен айырылса, енді бірі орындықтың ортасына қысылып талып қалған. Жараланғандардың арасында емізулі бала да бар.
Дінмұхамед Рухуддинов, №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
-Екі бала жабық ми жарақаты, бас миының шайқалуы деген диагноз қойылып ауруханаға жатқызылды. Және бір балаға да іш пердесінің соғылуы деген диагноз қойылып, ол бала да ауруханаға жатқызылды.
Бас-аяғы 9 адам дереу ауруханаға жеткізілді. Ең ауыр жарақат алған жүргізушінің өзі. Ол отырған жақ түгел опырылып түсіпті. Жол апатына да 63 жастағы автобус жүргізушінің өзі немесе тежегіші кінәлі болуы мүмкін. №31 бағыттағы қоғамдық көлік басқа машиналарды бірінен соң бірін соққан. Тек қарама-қарсы шыққан көлікке соғылғанда барып бір-ақ тоқтаған. Автобус жаяу жүргіншіні де қағып өткен. Дереу көмекке жүгірген куәгерлер болған оқиғаға жоғары жылдамдықпен жүйіткіген жүргізушіні кінәлап отыр.
-Автобустың сау-тамтығы қалмаған. Терезелері түгел қирап, ал жүргізуші орындығы мүлде жұлынып түсіпті. Рөлінің өзі бір жақта, автобустың ішінде бөлініп жатыр.
Абырой болғанда, кісі шығыны жоқ. Ал автобус қаққан жаяу жүргінші тек жеңіл дене жарақаттарымен ғана құтылыпты. Тек жаппай апаттың салдарынан үркіп отырған автобус қожайыны жоқ. Сау-тамтығы қалмаған көлігін қалай темір-терсекке өткізсем екен деп уайымдап жүр.
Автобустың техникалық жағдайы туралы қандай да бір түсініктеме беруден автопарк басшылығы үзілді-кесілді бас тартты. Десе де, техниканың әбден ескіргені дәлелденсе, №2 қалалық автопарк басшылығы тек лицензиясынан ғана емес, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:
-Егерде олардың, яғни автопарк басшылығының немесе әкімшілігінің қандайда бір кінәсі делелденетін болса, міндетті түрде жауаптан олар арылмайды. Бас бостандығынан айыру мерзімі көзделген.
Loading...