Алматыда жантүршігерлік апаттан аман қалған актриса есін жиды

Алматыда ірі жол-көлік оқиғасынан аман қалған Айзада Сатыбалдиева есін жиды. Актрисаның денсаулық жағдайы туралы Алматы денсаулық сақтау басқармасы айтты.  

Сатыбалдиеваның жағдайы орташа ауыр күйінде қалып отыр.

"Науқас қазір жедел жәрдем ауруханасының травматология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы орташа ауыр ретінде бағаланып отыр", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.  

Актриса Айзада Сатыбалдиева өткен жылдың желтоқсан айының соңында Алматыдағы Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған жантүршігерлік апаттан жалғыз өзі аман қалды. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде актриса Шолпан Елгезекова бар.

Куәгерлердің айтуынша, ішімдікке сылқия тойып алған Gelandewagen көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Күдікті қамауға алынды. Құқық қорғау органдарындағы дереккөз ұсталған адам ірі өндірістік компанияны басқаратынын хабарлады.