Алматыда жантүршігерлік трамвай апатына кінәлілер жазасын алды


Алмалы аудандық сотының шешімімен олардың бас бостандықтары екі жылға шектелді. Ирина Чучкалова мен Елена Стекольникованың жүруге жарамсыз техникамен жолаушы тасымалдағаны толық дәлелденген. Десе де судья олардың отбасылық жағдайы мен қылмыстарын толық мойындағанын ескеріп тек шартты жаза тағайындапты. Сондықтан енді екеуі де бұдан былай беймезгіл қыдырып, көңіл көтеру орталықтарына бара алмайды. Сондай-ақ тұрғылықты мекен жайларын да өз беттерінше өзгертулеріне рұқсат жоқ. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қыркүйек айында тежегішінен ақау шыққан трамвай 17 көлікті қағып өтіп, жарамсыз еткен еді. Осы апаттан бір адам ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалған. Енді ол денсаулығына келген залалды енді қос сотталушы мен «Алматыэлектротранс» мекемесінен өндіріп алуына болады.