Байқауға Орталық Азия аймағының түрлі жоғары білім ошақтарында жапон тілін зерттеп жүрген 18 студент қатысады. Атап айтсақ, оған Өзбекстаннан 6, Қырғызстаннан 6, Қазақстаннан 6 адам қатысқалы отыр.
Байқауға қатысушылар өз ойын осы тілде бес минуттың ішінде ашық білдіру қабілетін ортаға салады. Сондай-ақ, олар Орталық Азия аймағы елдері мен Жапония арасындағы қарым-қатынасқа деген жеке көзқарастарын білдіреді.
Әділ қазылар алқасы олардың дұрыс сөйлеу қабілетін, сұрақтарға жауап беру сапасын және сөз мәнерлілігі мен мазмұнын бағалайды. Қазылар алқасы құрамына байқауға қатысушы үш елдің жапонтанушы ғалымдары қамтылады.
Байқау жыл сайын Орталық Азия елдерінің бірінде кезектесе өткізіліп отырады. Байқау жеңімпаздары ТМД елдерінің арасындағы шешендік өнері байқауына қатысуға мүмкіндік алады.