Алматыда жаппай төбелес ұйымдастырған екі білім ордасының студенттері ұсталды

Айта кетейік, Алматыда Қазыбек би - Досмұхамедов көшелерінің қиылысында бір топ жастардың төбелесі бейнекамераға түсіп қалған болатын. Кейін белгілі болғандай, жанжалдасқандар медициналық колледж бен Алматы гуманитарлық техникалық университетінің студенттері болып шықты.

Қалалық полиция көшеде жаппай төбелес шығарған жастардың әрекетін тексерді. Олардың әрекеті ҚР ҚК 293-бабының 2-тармағы (бұзақылық) бойынша бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне тіркелді.

«Қазір осы факті бойынша 3 жасөспірім ұсталды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тексеру барысында төбелестің неден ушыққаны анықталады. Айта кетейік, бұл жанжалдан ешкім жапа шеккен жоқ», - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Асқар Болатов.